Саят Медеуов Қара күз lyrics

Қара күз Саят Медеуов

2022

0
0

Share:




Lyrics


Қара бір жаңбыр борады-ау
Ала бір жауған қар анау
Тау жақта бір от жанады-ау
Аулақтап бәрі барады-ау
Алдағы өмір алданыш
Көретін қызық шамалы-ау

Қара адыр малсыз бел анау
Қарайған жансыз далам-ау
Күңіреніп қобыз, шалам-ау
Қурайлар сыңғыр қаға ма-ау
Жотада жатқан жолменен
Жаяулап кеткің келеді-ау

Күйзелдің неге күз кеуде?
Естіліп еміс күйі жай
Мың есе зорлар бізден де
Мұңайып өткен дүние-ай

Қалжырап жатыр қара күз
Балбырап жатыр даламыз
Саудырап сабын, сары аңыз
Маужырап жатыр санамыз
Үмітпен келіп дүниеге
Күдікпен кетіп барамыз

Жайымды ұғар ел қайда?
Қайғымды сұрар ер қайда?
Жайымды ұқса жалпы дос
Жанымда біреу қалмай ма?
Жалпының арзан бақытын
Жазбаған біздің маңдайға

Күйзелдің неге күз кеуде?
Естіліп еміс күйі жай
Мың есе зорлар бізден де
Мұңайып өткен дүние-ай Х2



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

10.02.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz