Lyrics
Бөлінді неге арамыз,
Махаббат болса жалғанда.
Ғашықтар жайлы бар аңыз,
Жете алмайды екен арманға.
Табылса теңің, тілегім менің,
Сөнбейтін сезім .
Қайырмасы:
Жылама жаным, жылама,
Жайымды менің сұрама,
Өзіңді бекер кінәләп,
Күрсінбе, күнім.
Ғайып боп көзден кетерміз,
Өкініш өртеп, өтерміз.
Кездестік-ау деп, бекер біз,
Жылама күнім.
Қан жыласада жүрегім,
Жасырам жұрттан жай ғана,
Мен саған бақыт тіледім,
Қош енді мені ойлама.
Мұңайса жаным жұбатар әнім,
Тағдырға бағын
Қайырмасы:
Жылама жаным, жылама,
Жайымды менің сұрама,
Өзіңді бекер кінәләп,
Күрсінбе, күнім.
Ғайып боп көзден кетерміз,
Өкініш өртеп, өтерміз.
Кездестік-ау деп, бекер біз,
Жылама күнім.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).