Жаңбырмен жаным егіз Сатиев Аманкелді

2021

5
0

Share:




Lyrics



Жаңбырмен жаным егіз

Мұң арылмай көзден мына, көңілден,
Нұрын төкпей тұр-ау күн де көгімнен.
Түнерген бұлт сеніменен жылайын,
Жаңбыр болып көздеріңнен төгілген.

Төгілсінші,  шер-мұңым да жүректен,
Жетер бәлкім, іште сырым түнеткен.
Ағып кетсін, сумен деймін бүкіл зіл,
Бес батпан боп, көңілді бір кір еткен!

Жаңбырлы күн жалаң аяқ жүрейін,
Қосылып мен, бір жылайын, күлейін...
Найзағаймен қоса бірге күркіреп,
Жарқ етіп бір жарқын өмір сүрейін!!!



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Music Videos
Сатиев Аманкелді
Жаңбырмен жаным егіз