Сатиев Аманкелді Үміт (2021), lyrics

Үміт lyrics

Сатиев Аманкелді

2021

0
0

Share:



Үміт

1. Үміт үзбей мүлде,
Күтіп жүрмін күнде.
Жүздесуді бізге,
Тілеп түнде.
Мұңды болған кезде,
Сөзің баурап лезде.
Пайда болды жаным,
Жалын көзде,

Қ-сы:
Сөзіме мен берікпін,
Жандүниемді еліттің.
Сезімменен төзімнің,
Жетегіне еріппін.
Жұтып сезім тәтті уын,
Күтуде шын аққуың.
Айдын да тұр көрсем деп,
Бірге ұшқан аққуын.

2. Үміт үзбей бағым,
Атып жатыр таңым.
Сағыныштың заңын,
Сезін жаным!
Пәк сезіммен мәңгі,
Өмір кешіп мәнді,
Айтайықшы бірге,
Бақыт әнді!






30.03.2021
Music Videos
Сатиев Аманкелді
Үміт