Сатиев Аманкелді Түсімдегі қыз (2021), lyrics

Түсімдегі қыз lyrics

Сатиев Аманкелді

2021

5
0

Share:



Таң ата көрдім түсімде,
Бір ару жібек үстінде.
Елітіп мені еріксіз
Түстім мен еріп ізіне.

Ұйқымды ұрлап ағаны,
Жанымды баурап барады.
Хор қызы тәтті секілді
Жүрегім үнсіз жаралы

Бақытты сол бір күндер-ай,
Түсіме енген түндер-ай!
Кезікші менің өңімде
Өзіңді күтіп жүрмін-ай

Кетпеші жаным жоғалып,
Боларсың бағым сол анық.
Түсімде жүрген аруым
Өңіме келші оралып

Арманым менің аяулы,
Салмашы жанға қаяуды.
Қайтадан көргім келеді
Түсімді сол бір баяғы.

Жолықтым тағы өзіңмен,
Бақытты көрдім көзіңнен.
Оятпа! Мені адамдар,
Ұйқтаймын тәтті сезіммен.
(Оятпа! Мені адамдар,
Ұйқтаймын тәтті сезіммен






Comments

sayan202088@gmail.com

12 2021

👍❤

Admin

Corrected text

07.01.2021
Music Videos
Сатиев Аманкелді
Түсімдегі қыз