Lyrics
Сені іздеймін көктемде
Кірпігімде ілініп тұр мұң, жасым,
Жанарымда бейнең қалды мұңдасым.
Сені іздеумен күндер өтіп барады,
Қайда жүрсің, келші жаным қайдасың.
Қ-сы
Тыныштық таппай, жүрегім кеудемде ,
Аласұрып, сені іздейді көктемде.
Орның тұрад(ы) ойсырап қалқам ай
Құстар қайтып, ұясына келгенде,
Түсіме жан, қонақ болып, енесің ,
Бұлынғыр бір қол бұлғаған елессің .
Үміттің нәзік жібін үзгендеймін ,
Хош асылым , сен мендік емессің .
Жасұлан Шайқыслямұлы
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).