Lyrics
Сағындырма
1. Ойлап сені, оянам таңда күліп,
Жүректі алдың қалайша бағындырып?
Көргім келіп өзіңді ынтығамын,
Өтінем, қойма былай сағындырып!
Қ-сы
Сағындырма, хәлімді көре тұрып,
Сезіміме шынайы сене тұрып.
Күттіресің қалайша Аппағыңды,
Сенім баққа сен бірге ене тұрып.
2. Гүл бақты аралауға асығайық,
Шын ғашыққа бақыт қой осы лайық.
Екі бөлек жүрсе де жаны жалғыз,
Қос жүрек бір бүтін боп қосылайық!
Гүлдана Сермахан
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).
Супер