Lyrics
Мүмкін емес
1. Жүрегімді бір мұң қозғайды,
Бір болу маңдайға жазбайды,
Мүмкін емес, мүмкін емес.
Жүрегім аңсаумен наздайды,
Өзгелер өзіңдей болмайды,
Мүмкін емес, мүмкін емес!
Қ-сы
Өзіңсіз жана алмай маздадым,
Жалындай шарпуы назды әнім,
Мүмкін емес, мүмкін емес.
Өткен күн бақтарын аралап,
Естелік сәттерді даралап,
Келер елес, келер елес!
2. Көңіл - күйім сенсіз болмайды,
Бақыт құсы қолға қонбайды,
Мүмкін емес, мүмкін емес.
Жүрегім ботадай боздайды,
Өзгелер жарасын жазбайды,
Мүмкін емес, мүмкін емес!
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).