Сатиев Аманкелді Келесі кім ? lyrics

Келесі кім ? Сатиев Аманкелді

2021

0
0

Share:




Lyrics


Келесі кім ?

Махаббаттың көбіне бересі мұң,
Сезімімнің шынайы төресі кім?
Жүрегімнің есігін айқара ашып,
Жаралайтын сонымен келесі кім?

Аңғалдығым кімді елеп,құрметтейді?
Қай адам кеп,көңілімді,кірлетпейді.
Қырсықсамда,қыңырлығымды көтеретін,
Кім сүйеді?мен секілді бір беткейді?!

Қаламынба?үмітіммен жағаласып,
Алады екем,қашан мен,арамды ашып.
Кім бар екен өміріме тұрақтайтын,
Қалғанымда тастамайтын бауыр басып.

Кезім барма?есім шыға өкінбейтін,
Сезім барма?есімді де көшірмейтін.
Жанды қалай табамын аялайтын,
Саялайтын кешірімді есірмейтін.

Мені өзіне өмірлік тірек еткен,
Жаралған мейіріммен жүрегі еттен.
Жанды маған жолықтырса бір тілегім,
Мен дегенде басын иіп шықпас шеттен.

Ұнатамба келесі де білмеймін де,
Қорқынышым сезімсіз кірлеймін бе.
Кіріп алып жүрегіне үміт беріп,
Сүйем десе елемей жүрмеймін бе?!

Мен де қәзір біреудің елесімін,
Жеңілгені-жеңілген күресімнің.
Ойға салмақ салатын адамым бар,
Жұбататын риясыз келесі кім ?

Авторы : Мейіржан Тұрғанов..



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Music Videos
Сатиев Аманкелді
Келесі кім ?


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz