Сатиев Аманкелді Бір болуды жазбаған lyrics

Бір болуды жазбаған Сатиев Аманкелді

2021

0
0

Share:




Lyrics


Мүмкін емес...

Тоқтай беремін,
Махаббаттың жолында.
Соқпай жүрегім,
Қалды сенің қолыңда.

Кеттің соңында,
Болмай мәңгі жанымда.
Гүлім солмашы,
Өзге жанның бағында.

Қайырмасы.

Мүмкін менің қолымда емес,
Кілті ғажап күндердің.
Махаббаттың жолында емес,
Сен екеуміз жүрген күн.

Жүрегімде жұмбақ жаным,
Өкініш бар аздаған.
Бір болуды мәңгі жаным,
Тағдыр бізге жазбаған.

Іздей беремін,
Сені жазғы бақтардан.
Үзбей келемін,
Үмітімді ақ таңнан.

Жаным аяулым,
Жаның нәзік мақпалдай.
Салма қаяу мұң,
Көңіліңе ақ қардай.

Қайырмасы.

Мүмкін емес мүмкін емес,
Менен алыс кеткенің.
Мүмкін емес мүмкін емес,
Мені айыпты еткенің.

Мүмкін емес мүмкін емес,
Жылайды екен көкте күн,
Мүмкін емес мүмкін емес,
Қош бол енді көктемім...

Болат Жөкебай



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Music Videos
Сатиев Аманкелді
Бір болуды жазбаған


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz