Сатиев Аманкелді Ақ гүлім lyrics

Ақ гүлім Сатиев Аманкелді

2022

1
0

Share:




Lyrics


Күлкіңді сенің
Естігім келеді ғарыштан.
Көркіңді сенің
Көріп жүрсем де алыстан.

Өзіңе қарай
Жол қайда екен асылым.
Жаныңа қалай
Жетемін еркем ғашығым.

Ақ гүлді саған
Сыйлар едім ғой, жүрегім.
Аққуды саған
Балап мен әркез жүремін.

Өзіңе ғашық
Ынтызар екен бұл жүрек.
Көзіңе ғашық
Себебі тұрар мөлдіреп.

Сезімің қайда
Сүйетін күнің туар ма?!
Сөздерің қайда
Жүректі емдеп жазар ма?

Қызғалдағымсың
Қырда гүлдейтін көктемде.
Қызғанғанымсың
Қарақат көзді от кеуде.

Махаббатымсың
Тек сені жаным қалайды.
Құс қанатымсың
Өзіңсіз көкке ұшпайды.

Сені сүйемін.
Сүйемін деген сөз ерек!!
Сені күтемін...
Сенімен өмір өзгерек.

Нұртай Қаратырұлы



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Music Videos
Сатиев Аманкелді
Ақ гүлім


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz