Сатиев Аманкелді Ағаларым (2021), lyrics

Ағаларым lyrics

Сатиев Аманкелді

2021

7
0

Share:


lamoda kz

Ағаларым

Ағаларым, аппақ қардай, ақ пейілің,
Көріп келем, өздеріңнен тек мейірім.
Соңыңнан еріп, ізіңді басар, ізетті,
Жолыңды тосар, алдыңды кесіп өтпейді інің.

Арқа сүйерім, ақ жайлауым, ағаларым,
Білемісің,тілегісің, аналардың.
Жалғаннан бір сәт жабыққан кезде түнеріп,
Жаныңды ұғар, ағалардай бола алар кім?!


Қасиеттім, қадірлісің, ұлысың,
Ағалар барда тарылмайды тынысым.
Тура жолды бағыттауды үйреттің,
Шалыс бассам, ағат кетсе бір ісім.

Ағаларым, аман болшы, қорғаным,
Аласармас биігімсің, орманым.
Өмірдің соқпақ сүрелеңінде сүрінсем,
Тұрғыздың қайта, жігер бердің, қолдадың.






Admin

Corrected text

19.02.2021