Қанатыңды кең серпі

Сарын тобы

2018

0
1

Share:





Загрузка...



Асыл арман жетелейді алға,
Жүрек асау толы махаббатқа.
Ұлы дала кең жайып құшағын,
Әлемді қарсы алған.
Жүзден жүйрік жеңіл берілмейді,
Самғап биік, бақытын іздейді.
Жаным менің, қолыңды бер маған,
Тек алға, тек алға,тек алға.

Қайырмасы:
Ұмтыл ұландары елімнің,
Жібін үзу үшін әренің.
Жастар болашағы әлемнің ,
Бірге самғаймыз сен де.
Қанатыңды кең серпі

Лаула мәңгі шарқырағы көзі
Баура жанды қылығы мен сөзі
Темір білек ұлы мен қызы бар
Айбарлы, жайдарлы тек алға,

Біздің бірлігіміз жарасқан,
Ашық жарқын бізде бар аспан.
Жастар болашағы елімнің,
Көкке әрбір ұлы таласқан.
Қош келдің елімізге сен енді,
Бейбіт бірлігіміз тең енді.
Нұрлы жолымыз бар мәңгілік,
Көкке қанатыңды кең серпі.
Сарын тобы Қанатыңды кең серпі lyrics, Сарын тобы 2018


Загрузка...





05.06.2018
Users