Lyrics
Шоқ болып жана алмадың
Жоқ болып тағы алдадың
Жанарың тұр ғой көзімде
Арманым елеспедің
Алдамшы емеспедің
Түсінбей қалдым өзімде
Бірде барсың бірде жоқсың жан ардағым
Мен сені іздесемде таба алмадым
Қайырмасы
Кетпе қасымнан ұзап кетпе
Қалдырма мені шетке
Мені тастамашы
Текке жазғырма мені текке
Кінәлі болсам бекер
Айтшы жасқанбашы
Кездесіп қалдым жаным
Есіңе салдым сағым
Баяғы балғын кезімді
Ерітіп ап кеттіңбе
От болып лап еттіңбе
Оятып қайта сезімді
Құлпырды сені көріп бар айналам
Қайтарам жас дәуренді қалай ғана
Қайырмасы
Кетпе қасымнан ұзап кетпе
Қалдырма мені шетке
Мені тастамашы
Текке жазғырма мені текке
Кінәлі болсам бекер
Айтшы жасқанбашы
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).