Бұл әнім lyrics

Самат Жанғазин

2018

1
0

Share:



Аылаған аялы аппақ айым
Өзің жайлы ән айтып шаттанайын
Адалым ай шынайы сені сүйем
Бұл сөзімді есіңе сақта дайым
Саған басқа айтайын түсін мені
Кейіпкерім өзіңсің түсімдегі
Шын ұнатым сүйгенім бір ғана сен
Жеті миллиард адамның ішіндегі

Қайырмасы
Бұл әнімді айта қайта қайта
Ұсынайын мен қолыңа көктем гүл
Бұл әнімді айта қайта қайта
Махаббатқа бөлейінші мөп мөлдір

Емірене жүрегім бір езіле
Ғашық болым мақпалдай мінезіңе
Өмір бойы сезімнен аттамайтын
Аппақ құсым тең келер кім өзіңе
Сұлулықпен көзіңді байлап алар
Дәл өзіңдей адал жар қайда маған
Мен жалғаннан жабығып кеткенімде
Сен ғанасың құшағын жайған маған

Қайырмасы
Бұл әнімді айта қайта қайта
Ұсынайын мен қолыңа көктем гүл
Бұл әнімді айта қайта қайта
Махаббатқа бөлейінші мөп мөлдір



Самат Жанғазин, Бұл әнім lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

26.06.2018
Music Videos
Самат Жанғазин
Бұл әнім