Сен бе едің lyrics

Сәкен Майғазиев

2019

0
0

Share:



Көтерілмей жүргенде еңсем менің
Армандадым, біреуді көрсем дедім
Біреу маған алыстан қолын созған
Қолын созған қамқоршым сол сен бе едің?!

Танысып та, ашынып сезімдерім
Ұзақ таңға уйықтамай көз ілмедім
Сонда мені біреу кеп әлдилеген
Әлдилеген сәбиін өзің бе едің?!
Өзің бе едің?!

[Қайырмасы]
Сен менің көтерілген еңсем бе едің?
Армандадым, өзіңді көрсем дедім
Бақыт іздеп жүр едім, сол сен бе едің?!
Арманым жоқ, алдыңда өлсем сенің.


Сері күннен жалығып, кері күннен
Жалғызсырап кей-кейде жерідім мен
Біреу сонда жанымнан шықпай тұғын
Жаны бірге менімен серігім бе ең?!
Серігім бе ең?!

[Қайырмасы]
Сен менің көтерілген еңсем бе едің?
Армандадым, өзіңді көрсем дедім
Бақыт іздеп жүр едім, сол сен бе едің?!
Арманым жоқ, алдыңда өлсем сенің.


[Қайырмасы]
Сен менің көтерілген еңсем бе едің?
Армандадым, өзіңді көрсем дедім
Бақыт іздеп жүр едім, сол сен бе едің?!
Арманым жоқ, алдыңда өлсем сенің.
Сәкен Майғазиев, Сен бе едің lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

21.11.2019
Users