Ұштым, ұштым! lyrics

Сәкен Ахман

2019

1
0

Share:



Жүргенімде күйсіз түңіліп
Жараланып жүрек тілініп
Жарық күндей алда жарқырап
Өмірімде жанды бір үміт
Әсер етер терең сезімге
Көркем нұр бар сенің көзіңде
Жан дауасы жүрек шипасы
Сен жолықтың мұңлы кезімде

Қ-сы:
Ұштым, ұштым, ұштым,
Махаббатпен ұштым.
Келеді ғой, Жаным,
Бір өзіңді құшқым.
Жүрегімде сезім,
Жанарыңда ұшқын.
Сезім деген ғажап
Қанатындай құстың!
Есіміңді айтып мен іштен
Бақытыма балап ең үстем
Қанатыңа қарап таңданам
Жер бетінде жүрген періштем
Әуелеген әсем ән жырым
Махаббатым менің таң нұрым
Мені сүю сенің тағдырың
Сені сүю менің тағдырым
Қ-сы:
Сәкен Ахман, Ұштым, ұштым! lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

27.05.2019