Сәкен Тұрысбеков Аққу сазы lyrics

Аққу сазы Сәкен Тұрысбеков

Аққу сазы

1
0

Share:


Lyrics



Қиялым тербеп
Көкірек кернеп
Аңсаймын сазын аққудың
Назыңмен бірге
Бөлендім күйге
Мен үшін, жаным, пәк тудың

Сүйсіне ай қарап
Көл бетін аймалап
Тұрады самал жел тербеп сені
Желбіреп пәк тудың
Кетпеші, аққуым
Еседі махаббат қоңыр лебі

Толқынды көңіл
Кьй болып төгіл
Жаныңа келсін аққулар
Назды үнің сенің
Күйлерім менің
Достыққа мәңгі шақырар

Сүйсіне ай қарап
Көл бетін аймалап
Тұрады самал жел тербеп сені
Желбіреп пәк тудың
Кетпеші, аққуым
Еседі махаббат қоңыр лебі

Мынау кең дүние
Тебіреніп күйіңе
Тұрғандай бөленіп тербетіле
Көңлімнің сәнісің
Махаббат нәрісің
Сиятын емеспін жер бетін

Сүйсіне ай қарап
Көл бетін аймалап
Тұрады самал жел тербеп сені
Желбіреп пәк тудың
Кетпеші, аққуым
Еседі махаббат қоңыр лебі



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

08.12.2015


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz