Жаңбырлы кеш lyrics

Сәкен Майғазиев

Жаңбырлы кеш

1
0

Share:



Көктемнің кеші еді,
Көкте бұлт көшеді.
Селдетті еркелей күліп
Ақ жауын нөсері көшені
Қарайсың ұрлана
Жанарың нұрлана
Жүзіңе сырғанап тамшы
Тұрмын мен қызғана.
 
Қайырмасы:
Махаббат теңізін аралайық
Жауынға, дауылға қарамайық
Нәр алдым жаныма сезімнен өзіңе.
Жаңбыр боп жүзіңді аймалайын,
Мөп-мөлдір көзіңнен айналайын
Бірге атсын өзіңмен таңдарым, арманым!
 

 
Моншақтап шашылған,
Су сүйген шашыңнан.
Арайлым ақ гүлім, күнім,
Кетпеші қасымнан, қасымнан.
Жарқ еткен жасыңнан,
Сыр көрдім жасырған
Жүрекке жазылған мәңгі –
Өзіңсің асыл жан.
 
Қайырмасы:
Махаббат теңізін аралайық
Жауынға, дауылға қарамайық
Нәр алдым жаныма сезімнен өзіңе.
Жаңбыр боп жүзіңді аймалайын,
Мөп-мөлдір көзіңнен айналайын
Бірге атсын өзіңмен таңдарым, арманым!
 
Махаббат теңізін аралайық
Жауынға, дауылға қарамайық
Нәр алдым жаныма сезімнен өзіңе.
Жаңбыр боп жүзіңді аймалайын,
Мөп-мөлдір көзіңнен айналайын
Бірге атсын өзіңмен таңдарым, арманым!
Бірге атсын өзіңмен таңдарым, арманым!
 
Сәкен Майғазиев, Жаңбырлы кеш lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

21.06.2018
Users

GM