Махаббат мәңгі ертегі lyrics

Сәкен Қалымов

2017

2
0

Share:



Махаббат деген қандай-ды,
Қарасаң көзің талмайды.
Сағынған жанға жете алмай,
Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды...


Қайырмасы:
Ғашықсыз өмір – өмір ме,
Егілме, жаным, егілме.
Көктегі күнге қол созған,
Не дерсің мынау,
Не дерсің мынау көңілге?


Күлерсің-дағы жыларсың,
Жыларсың-дағы шыдарсың.
Жазылмас дерттің дауасын
Жаным-ау, кімнен,

Жаным-ау кімнен сұрарсың?


Махаббат – өмір ғажабы,
Алқызыл гүлдей ажары.
Сүйемін деген жалғыз сөз
Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады.



Қайырмасы:
Махаббат – мәңгі ертегі,
Көңілдің күйін шертеді.
Ертіп жүрсең, шіркін-ай,
Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені.
Сәкен Қалымов, Махаббат мәңгі ертегі lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Saken

Corrected text

28.05.2019
Users