Сәкен Әлімханов Сәкен аға (0) lyrics

Сәкен аға lyrics

Сәкен Әлімханов

Сәкен аға

0
0

Share:


Сұңқар шабыт аққу әнін жалғаған,
Сендей асқақ, Сәкен аға, бар ма адам?!
Тайғақ кешу,  бас құрбаны болмасаң,
Білер еді-ау, есіміңді бар ғалам.
 
Өлең сөздің гауһар тастай дарасы,
Сенсіз қазақ толмас, өмір сабасы.
Саған мәңгі алғыс айтар сексен көл,
Көкшетаудың орман, тоғай, даласы.
 
Самғай берші, ақын аға, самғашы,
Бұзылмайды асыл өнер арнасы.
«Жезкиігім» өз күйігін баса алмай,
«Тау ішінен» шыққан әннің жалғасы.






GM

Added Lyrics

14.01.2016