Байпақ сот lyrics

Сағи Әбілхасенұлы

0
0

Share:


Жангелдин ауданы Тәуіш ауылының тумасы, Одақ дәрежесіндегі зейнеткер Ғапбас Саламатовтың өмір жолына арналады.

Қазір ақын арамызда көбейді,
Оларга ешкім тізгін тарт демейді.
Солардың арасында менде келем,
Бірі біліп, бірі әлі білмейді.

Дегенменен әдептен көп озбайын,
Шамам келмес биікке қол созбайын.
Жақсылардың жақсылығы жайында,
Жаңа тағы жыр жолдарын қозғайын.

Ақыл-ой істерімен үлгі болар,
Қарт Торгайдан шықты не бір тұлғалар.
Сол сияқты Ғапбас Саламатовты да,
Әңгімеге арқау еткен жөн болар.

Құттықтілеп ағайындар мекені,
Белгілі ғой Тәуіш, Сарысу екені.
Оныңдағы бала шағы алғашқы,
Осы арада қызғылықты өтеді.

Әкесі шаруа адамы Игісінде,
Беделге ие бопты ел ішінде.
Басқаға қамқорлығы аз болмапты,
Халық та құрметтепті сол үшін де.

Үлкендердің ақылымен Ғапбас ол,
Енді әдейі Уфаға тартты жол.
Ғалия медресесінде көзге түсіп,
Алыпты ірі рухани білім мол.

Шариғаттың шартын қатты ұнатты,
Жаны таза екендігін танытты.
Құран кари Сұлтанбекке барып та,
Сәлем беріп ақбатасын алыпты.

Талаптыға демей ме нұр жауады,
Құтты болды Ғапбастың эр қадамы.
Қиын-қыстау кезеңдерде кешегі,
Басын сақтап, бой тасалап қалмады.

Жиырма жастан жаңа ғана асқанда,
Амангелді қол бастаған ұрыста.
Туған жерден патша әскерің қууда,
Ерліктері айтарлықтай бір басқа.

Тұлға бойын намыс оты кернепті,
Дұшпандарға қолдан намыс бермепті.
Әлібимен кездескені туралы,
Көп оқыдық баспасөзден деректі.

1921 жыл. Москваны алғаш көреді,
Оған барған сапарының дэлелі.
Ғани Мұратбаев, Сара Есованы,
РКСМ сьезіне алып барып келеді.

Көптеген орыс, қазақ арасында,
Байырғы Ақтөбенің қаласында.
Партия мектебінен сабақ алып,
Көрінді эрбір қызмет саласында.

Тың жаңалық Торғайға ұшакпен келгені,
Ақ пима екен сонда аяққа кигені.
Мұны көрген құрбылары бірінің,
Ел аузында жүр «Байпақ сот» дегені.

Пайда табу айласын жөн көрмеді,
Кісі салу, парага' жол бермеді.
Қара қылды қаққа жарған Ғапбастың,
Құдай қалап артына сөз ермеді.

1932 жыл. Елді аштық жайлады.
Халық босып, қалды мекен-жайлары.
Құмкөшуді тастап көшкендерді де,
Ырғыз жаққа еріксіз дәм айдады.

Айлап жүріп, жетті олар жаяулап,
Әркім кетті жақындарын жағалап.
«Қызыл жұлдыз» колхозында Биғанша,
Үй таппады қонатұғын паналап.

Ойға батып, қажыды да торықты,
Өлмегенге өлі балып жолықты.
Жәмила атты әйелдің үйінде,
Балаларымен аз уақытқа орнықты.

Бірақ оны жұмысқа ешкім алмады,
Болмай қалды кейде ішер тамағы.
Қиналғанға бір жәрдемі тиер деп,
Әдейілеп Ғапбас сотқа барады.

Ол кісінің жерде қалмай жауабы,
Берілді оған күнде тамақ талоны.
Сауыншының қатарына алынып,
Табысы да қажетіне жарады.

Шағымдарды әділ шешіп өзге де,
Ерекше тым түсе білді көзге де.
Ал мына бір қылмыстың жай-жапсары,
Біраз жерге естіліпті ілезде.

Ауыл тұрғыны Александр Бурманов,
Бір сыйырым кетті түнде ұрланып.
Білем ұры көршім қазақ жігіті,
Шақыратын адамым бар куә ғып.


Осылайша Ғапбасқа арыз беріпті,
Ол байғұсты түлен әбден түртіпті.
Куәгері үрлық болган күні дәл,
Ақтөбеден шаруасымен жүріпті.

Желеу сөзбен жасады деу ұрлықты,
Еш негізсіз екендігін жұрт ұқты.
Бас кітаптан қарағанда орыстың,
Сиырлары түгел болып шығыпты.

Қаралған іс мәресіне жетіпті,
Сот соңында қысқа үкім етіпті.
Сен орысқа он, сен орысқа бес жыл,
Ал сен қазақ кұтылдың енді депті.

Бір жапырақ қағаз алмай қолына,
Ғапбас барып күдіктілер алдына.
Сұқ саусақпен нүсқап айтқан сондағы,
Осы сөзі элі жүрттың аузында.

Бай, болысты тәркілеуі алғашқы,
Ұзақ уақыт үзілместен жалғасты.
Мәнтай бай ет пен қымыз, көп ақшаны,
Ғапбас жоқта үйіне әкеп тастапты.

Алас-күлес кезең туып жатқанда,
Бұл оқиға болған дейді Шалқарда.
Ештеңеден хабары жоқ Айжан да,
Ұқсайды үлкен мырғайға батқанға.

Мұның арты ұрындырар бәлеге,
Қарап жүріп, кірбің түсер көңілге.
Деген оймен Ғапбас енді ұзатпай,
Өз анасын жаптырады түрмеге.

Халық оны жыр ғып айтады элі,
Күнәдан тазалығы байқалады.
Иесіне әкелгенін бастан аяқ,
Түгендей тұтасымен қайтарады.

Ауылда жүргенімде баяғыда,
Түрімді көре сала аяды ма.
Арнайы Қостанайға мені апарып,
Интернатқа бергені әлі ойымда.

Деп ақын Қайнекей Жармағанбетов,
Ғапбасты қоятүғын әңгіме етіп.
Орекен Алматовтың осы сөзін,
Жөн болмас қоспағаным көктей өтіп.

Білмейтін аз Ғапбас Саламатовты,
Ел аралап көп жерден дәм татыпты.
Ұзақ жылдар әр колхозды басқарып,
Үнемі өзі жақсы жағын танытты.

Ауылдағы әйел, бала-шағаны,
Жылы сөйлеп, әркез тілін табады.
Шама-шарқы келгенінше аз ғана,
Тары егіп, мал өсіріп бағады.

Жұмылдырып бір кісідей халықты,
Сүзекі сап, аулатады балықты.
Ол көтерген жаңалықтан басқалар,
Естіп көріп тәжірибе де алыпты.

Жылдар өтті жылжуменен арада,
Өзгерістер болып жатты жаңа да.
Компартия жасасын! деп жүргенде,
Тіл, дініміз қалып қойды далада.

Қазақтарға ең бастысы керегі,
Үлкен арман тәуелсіздік әуелі.
Осы сөзді жиі айтатын Ғапбастың,
Орындалды бүгінгі сол дегені.

Бір басына жетіп орден, медалы,
Марапатқа ие болды жоғарғы.
Алпысқа толған күннен бастап әрі,
Жұмысты да біржолата доғарды.

Бірде үйіне Тәуіштегі Ғапбастың,
Өзбекәлі бүрған екен атбасын.
Тарихынан сыр шертіпті екеуі,
Ұлт-азаттық жолындағы шайқастың.

Мына сонда қолға ұстаған қылышым,
Сол күндердің белгісіндей танылсын.
Сізге, міне өз қолымнан тапсырам,
Іздегенге мұражайдан табылсын.

Жәнібековке затты берген бағалы,
Төңірекке тарап кетті хабары.
Дәл мұнысы тапқан ақыл екен деп,
Естігендер бұған ырза болады.

Бұзылмаған бала мінез қалпында,
Сексенінде айналды да марқұмға.
Кейінгілер мол өнеге алардай,
Із қалдырды өшпейтіндей артында.

Сөйледі деп ойламаңдар ұшқары,
Ғапбастың бар біз білмейтін тұстары.
Бұл жайында айта жатар әлі де,
Көз көргендер қосылғанда бастары.

Айтпай кету ерсі болар мұны да,
Әке іздеген Кәрім атты ұлы да.
Көзі барда оныменен табысып,
Құрыпты үлкен үлгілі жанұяда.

Мұның бэрі өмірінің жалғасы,
Шүкір, тоба! өрімдей көп баласы.
Аталып жүр Балықбайы бүгінде,
Осы әулеттің ендігі ақыл қалтасы.

Сарысудағы Саламатов мектебі,
Олай атау тым ұзаққа жетпеді.
Басын бастап, соңы аяқсыз қалғаны,
Қазір ауыл тұрғындары өкпелі.

Қабылданып ауылдастар шешімі,
Берілсе екен бір көшеге есімі.
Ілінсе де артық емес әлі де,
Өзі тұрған үй жарына мүсіні.

Бәз біреудің шықпасы егер аттары,
Біреулердің көп жағымды жақтары.
Ғапбас Саламатов біз айтқан,
Аңыз адам қатарына жатады.
Сағи Әбілхасенұлы, Байпақ сот lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016