Пендемін сезімдері күйремеген Рүстем Таиров

2019

0
1

Share:




Lyrics



Таң атқанда кештерде
Мен өзіңді іздедім
Қайғ(ы) өсімі өскенде
Үмітімді үзбедім
Сарғайтатын жүректі
Әлде қоңыр күзбе едің (2) ...

Қайырмасы :

Іздеймін ең соңында тауып алам
Кездерде жаным қатты жаураған
Мен сені сүйгем тағы сүйе берем
Куә болсын қаншама қауым оған ...

Бәлкім маған келмейсің
Мүлде жақсы көрмейсің
Ұнап қалса басқа қыз
Тек өзіңнен көргейсің
Көкіректі көтеріп
Ешкімді де жеңбейсің (2) ...

Қайырмасы :

Қайт(а) оралсаң кешемін
Мұңмен өтті неше күн
Сені сүйем әлі де
Айдан анық бәріне
Естен танған жандаймын
Сен(і) ұмыта алмаймын (2) ...

Қайырмасы :

Мен сені сүйгем мәңгі сүйе берем
Заң жоқ шығар ұнатпа сүйме деген
Бір сүйсем тастамаймын сүйгенімді
Пендемін сезімдері күйремеген ...

Әні/Сөзі : Ел-Нұр Әлімбай [QBA]



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

14.07.2019