Қыздарға lyrics

Рүстем Нұржігіт

Қыздарға

1
0

Share:



Айналайын қарындасым
Жарқыраған гауһар тасым
Қара көзің қиғаш қасың жаулады мені

Арманыма жетер ме екем
Жүрегім-ау болшы бекем
Бұсыныңа шыдар мекем айтшы алтыным

Дүниені араладым
Сендей қызды таба алмадым
Қазағыма қайран қалдым сені жаратқан

Сұлу қыздар арасында
Сен қарап отырсың ба
Теңелеймін бар асылға қазақ қыздарын

Ай-ай-ай Айгерім - соғады жүрегім
Перизатым менің қазақ қыздарым
Пай-пай-пай қазағым сұлу-ақ қыздарың
Ашылсын-ау бағың қазақ қыздары

Көздеріңе көп қарадым
Құпияңды аша алмадым
Мен өзіңе бата алмадым, сенші алтыным

Ғашық жүрек төс іздейді
Сені мендей кім іздейді
Қазақ қызы мінсіз дейді бас идім жаным

Асықпашы, абайлашы
Арпау сөзге алданбашы
Бақытыңды бағалашы қазақ қыздары

Бар әлемді араладым
Дәл өзіңдей таба алмадым
Осылай деп ән арнадым қазақ қыздары

Ай-ай-ай Айгерім - соғады жүрегім
Перизатым менің қазақ қыздарым
Пай-пай-пай қазағым сұлу-ақ қыздарың
Ашылсын-ау бағың қазақ қыздары

Ай-ай-ай Айжаным, Бибігүл, Маржаным
Мәрия, Балжаным, Майра, Гүлжаным
Арайлым, Жібегім, Айсұлу, Әдемім
Қандай әсем едің қазақ қыздары

Жадырашы, еркелеші
Маған қарап күлімдеші

Жадырашы, еркелеші
Маған қарап күлімдеші
Таңдағаным өзің деші
Айтшы алтыным

Он алты қыз арасында
Сенен артық табылсынба
Бол әркез менің қасымда
Сенші алтыным

Ай-ай-ай Айгерім - соғады жүрегім
Перизатым менің қазақ қыздарым
Пай-пай-пай қазағым сұлу-ақ қыздарың
Ашылсын-ау бағың қазақ қыздары

Ай-ай-ай Айжаным, Бибігүл, Маржаным
Мәрия, Балжаным, Майра, Гүлжаным
Арайлым, Жібегім, Айсұлу, Әдемім
Қандай әсем едің қазақ қыздары
Рүстем Нұржігіт, Қыздарға lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

18.06.2018
Users

GM