Қызғанамын Руслан Сатенов

2017

2
0

Share:




Lyrics



Менен басқа сені ешкім сүйіп қалмасын
Менен басқа саған ешкім биік болмасын.
Мың сұлудан сені ғана артық көретін
Мына жүрек қызғаныштан күйіп жанбасын

Сен болмасаң бəрі бəрі көңілсіз маған
Көктеммен жаздың өзі қоңыр күз маған
Себебі мен бəрінен де сені қызғанам
Сен емдейсің менің жүрегімді сыздаған

Менен басқа сені ешкім сүйіп қалмасын
Менен басқа саған ешкім биік болмасын.
Мың сұлудан сені ғана артық көретін
Мына жүрек қызғаныштан күйіп жанбасын

Дидарыңа өзім ғана аңсап қарайын
Қылығыңа өзге емес мен шаттанайын
Мойыныңа өз қолыммен моншақ тағайын
Сен қалаған бақыт болса шаршап табайын

Менен басқа сені ешкім сүйіп қалмасын
Менен басқа саған ешкім биік болмасын.
Мың сұлудан сені ғана артық көретін
Мына жүрек қызғаныштан күйіп жанбасын




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

01.10.2018