Жаным lyrics

Руслан Мамытов

Жаным

2
0

Share:


Ақ дидарың таңғы нұр жаным,
Самал сүйген сәнді гүл жаным.
Тамсандырып талай көздерді,
Болайықшы мәңгі бір жаным.
 
Қайырмасы:
Бал бақытты бағалайық жаным,
Пәк сезімнің аралайық бағын.
Қос жүректің лүпiлiне қосып,
Махаббаттың шырқатайық әнін.
 
Сені айналып өтпеймін жаным,
Айдынына беттеймін жаным
Сынық қанат сыңар аққудай,
Жалғыз тастап кетпеймін жаным.
 
Қайырмасы:
 
Бір шешімге тоқтайық жаным,
Тағдырға айып тақпайық жаным.
Қол ұстасып адал некенің,
Ақ жолына аттайық жаным.

Руслан Мамытов, Жаным lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

27.10.2015
Music Videos
Руслан Мамытов
Жаным