Lyrics
Мәртебе мақтанымсың
Арайлы ақ таңымсың
Шабытты шақтарымсың
Арманды бақ тауымсың
Арым сен, Жер-Ана
Жайнаған күнің үшін
Жазира жерін үшін
Ән-күйлі өмір үшін
Өзіңе жігер күшім
Жырым сен, Жер-Ана
[Қайырмасы]
Ел орманым Жер-Ана
Бак қорғаным Жер-Ана
Қазағымның қасиетті киесі
Дала, тауым, өзен-көлім иесі
Жаным сен, Жер-Ана
Бала мен баба сүйген
Отан деп отқа күйген
Батырлық сауыт киген
Ерлік пен өмір түйген
Рухым сен, Жер-Ана
[Қайырмасы]
Ел орманым Жер-Ана
Бак қорғаным Жер-Ана
Қазағымның қасиетті киесі
Дала, тауым, өзен-көлім иесі
Жаным сен, Жер-Ана
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).