Lyrics
Менде сөйлер сөз болса,
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса
Өзің берген көзің ғой!
Толқығанда сезім-ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой
Арқа сүйер тірегім!
[Қайырмасы]
Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпелдеген жүрегім!!!
Туған елім, өзіңмен ,
Жазираңды кездірдің.
Жайма-шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!
[Қайырмасы]
Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпелдеген жүрегім!!!
Әні: Серік Әбдінұров
Сөзі: Бәкір Тәжібаев
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).