Домбыра Рухия Байдүкенова

2019

3
0

Share:




Lyrics



1. Тарт күйіңді домбыра,
Төгіл-төгіл тәтті күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!

2. Тауда тұман тұрмасын,
Көкте бұлттар ыдыра!
Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына тарт, домбыра!


[Қайырмасы]
Екі желі, үш қазық,
Тоғыз ноқта домбыра,
Көргеніңді күй қыла,
Құлшына тарт, домбыра!

3. Ойнатайын он саусақ,
Құлындайын құлдыра.
Бозда-бозда бота күй,
Құлшына тарт, домбыра!

4. Көңілімді қандыра,
Тәтті-тәтті күйге тарт,
Шежіре, шешен сұңғыла,-
Құлшына тарт, домбыра!


[Қайырмасы]
Екі желі, үш қазық,
Тоғыз ноқта домбыра,
Көргеніңді күй қыл,
Құлшына тарт, домбыра!

Әні: С.Әбдінұров
Сөзі: І. Жансүгіров



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

16.04.2019