Lyrics
Желбіреп желкендерің
Өзіңмен өркендедім
Не деген көркем еді
Өр халкым өркендерің
[Қайырмасы]
Астана, сен жас ордасың
Ар ордасың, Ақ ордасың
Ғажап Орда, гүл Орда, бас Орда
Күн қала, жыр қала, күй қала
Бақ Ордасы!
Адамы жарқылдаған
Көңілі аңқылдаған
Жас үнің саңқылдаған
Қадамың қарқындаған
[Қайырмасы]
Астана, сен жас ордасың
Ар ордасың, Ақ ордасың
Ғажап Орда, гүл Орда, бас Орда
Күн қала, жыр қала, күй қала
Бақ Ордасы!
Әні: Серік Әбдінұров
Сөзі: Жұпар Ақтомпышқызы
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).