Ақсұңқарым lyrics

Роза Бағланова

4
0

Share:



Есімде гүл терген кез көктемеде
Есті қыз ер жігітті шет көре ме?!
Қапыда, қайырылмастай, құлай сүйсең
Құрбыжан құр бекерге өкпелеме!

Қайырмасы:
Батырым - баяндым
Дарқан той - базарлы
Ақ көңіл - аяулы ақсұңқарым!
Аяла гуліңді
Ұмытпа үніңді
Бір жырла жырыңды, ақсұнқарым!
Екі дос қаздай
Жадыра жаздай
Жұбыңды жазбай, ақсұңқар
Сүйер де бірге
Күлер де бірге
Шырқар да бірге
Ақсұнқар ақсұнқар

Жаным-ау, мен қалайша жатсынамын?
Жан-жүрек бір өзіңе тапсырамын
'Сіз' деген әзіл сөзден шошып қалсаң
Сен дейін баяғыдай ақсұнқарым!

Қайырмасы:
Батырым - баяндым
Дарқан той - базарлы
Ақ көңіл - аяулы ақсұңқарым!
Аяла гуліңді
Ұмытпа үніңді
Бір жырла жырыңды, ақсұнқарым!
Екі дос қаздай
Жадыра жаздай
Жұбыңды жазбай, ақсұңқар
Сүйер де бірге
Күлер де бірге
Шырқар да бірге
Ақсұнқар ақсұнқар

Екі дос қаздай
Жадыра жаздай
Жұбыңды жазбай, ақсұңқар
Сүйер де бірге
Күлер де бірге
Шырқар да бірге
Ақсұнқар ақсұнқар
Роза Бағланова, Ақсұңқарым lyrics,
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

19.12.2018