Қызғаныш Роза Әлқожа

2021

3
0

Share:




Lyrics



Қызғаныш па сезімімнің себебі
Шын сүйгендер сенбей тұрып сенеді
Сен үнемі жаным дейсін барлығын
Сенің жалғыз жаның болғым келеді

[Қайырмасы]
Есіміңнен тағып алдым тұмар мұң
Қыста жауған жылы қарға құмармын
Мен өзіңнен алыстаймын дегенше
Мен өзімнен алыстайтын шығармын
Мен өзіңнен алыстаймын дегенше
Мен өзімнен алыстайтын шығармын


Бар бақыттан биік тұрған тұлғалым
Тағатымның тауыстым ғой амалын
Арасына көз қиығын салар деп
Сан жұлдыздан сені іздейді жанарым

[Қайырмасы]
Есіміңнен тағып алдым тұмар мұң
Қыста жауған жылы қарға құмармын
Мен өзіңнен алыстаймын дегенше
Мен өзімнен алыстайтын шығармын
Мен өзіңнен алыстаймын дегенше
Мен өзімнен алыстайтын шығармын


Барлық мұңым қызғаныштан басталып
Жүрем ылғи сағынышты жастанып
Мені кейде жұбатады аспан
Аппақ бұлттың жанарынан жас тамып

[Қайырмасы]
Есіміңнен тағып алдым тұмар мұң
Қыста жауған жылы қарға құмармын
Мен өзіңнен алыстаймын дегенше
Мен өзімнен алыстайтын шығармын
Мен өзіңнен алыстаймын дегенше
Мен өзімнен алыстайтын шығармын



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

18.08.2021