Роза Әлқожа Қайран өмірім (2021), lyrics

Қайран өмірім lyrics

Роза Әлқожа

2021

0
0

Share:



Тасқа біткен қына сынды мүк сияқты өмірім,
Жапырақтың жанарында шық сияқты өмірім.
Жанып біткен қызуы жоқ шоқ сияқты өмірім,
Бірде ғажап, бірде құны жоқ сияқты өмірім, қайран өмірім

Қайран өмірім, сайран өмірім
Үнсіз ғана арпалысқан майдан өмірім, қайран өмірім.

Дауыл боран мүжіп біткен, тау сияқты өмірім,
Көктемге ынтық қыс жамылған бау сияқты өмірім.
Жылы жақа ұша алмайтын, құс сияқты өмірім,
Таңда көрген таңғажайып түс сияқты өмірім, қайран өмірім

Қайран өмірім, сайран өмірім
Әркімдермен арпалысқан майдан өмірім, қайран өмірім.
Қайран өмірім, сайран өмірім
Әркімдермен арпалысқан майдан өмірім, қайран өмірім.






Admin

Corrected text

06.07.2021
Users