Роза Әлқожа Ақсұнқар lyrics

Ақсұнқар Роза Әлқожа

2021

0
0

Share:




Lyrics



Ақсұңқар!
Шарықта, жаным, жалықпа!
Жалғызбын деме, үмітіңді үзбе, қамықпа!
Төмендей қалсаң төбеңде ойнар қарғалар,
Тек биігіңде қалықта!

Ақсұңқар!
Жанымның емі əн маған!
Күйкентайға ерген қыранның бағы жанбаған. ..
Қия шыңдарға шақырады ылғи арманым,
Сұңқардың сорын таңдағам! ..

Қанатым талды, дауылға қарсы тұра алмай...
Арманым -алыс, жанымды кім бар ұғардай? !
Тобымда жүрсем, тəубе дер ем ғой, жаратқан,
Тағдырдың тəлкек торынан жүрмін шыға алмай!..
Тобымда жүрсем, тəубе дер ем ғой, жаратқан,
Тағдырдың тəлкек торынан жүрмін шыға алмай!..

Ақсұңқар!
Бағытым таппай... жаңылдым...
Өзіңе мəлім - жарасы қалың жанымның!..
Сыңар да қылмай сынағанын-ай Тəңірдің,
Сынғаны-ай ерте сағымның!



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

29.06.2021


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz