Share:




Lyrics



Мейірімді, мақтаулы, мінсіз Алла
Мәңгі тірі, мұқтажсыз, мұңсыз Алла
Түн жараттың демалар бұл дүние
Не болмақ күнсіз, Алла?

Беріп бойға адалдық, сенім, Алла
Сені тәктеп үзілсін демім, Алла
Бүкіл ғалам талпынып жеткізе алмас
Құдіретіңді сенің, Алла

[Қайырмасы]
Алла, иә раһман, иә раһим әл-илләм, Алла
Алла, иә-ғафар, иә-джафар, джалиль Алла
Алла, иә-рашид, иә-разаh, бәсир Алла
Алла, уәмухаммадүл адбуху-расул Алла


Сені танып ашылды санам, Алла
Қолдап қорғар рахымды панам, Алла
Сақтай гөр деп жаманнан, атаулыдан
Сыйынамын саған, Алла

Нәсіп етіп құлыңа иман, Алла
Құр қалдырма жәннаттан, сыйдан, Алла
Ізгі жолға жұмсалып шашылса егер
Бар дүнием жиған, Алла

[Қайырмасы]
Алла, иә раһман, иә раһим әл-илләм, Алла
Алла, иә-ғафар, иә-джафар, джалиль Алла
Алла, иә-рашид, иә-разаh, бәсир Алла
Алла, уәмухаммадүл адбуху-расул Алла



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

07.07.2021