Роза Рымбаева Айналдым сенен, Атамекен (2021), lyrics

Айналдым сенен, Атамекен lyrics

Роза Рымбаева

Айналдым сенен Атамекен

2
0

Share:



Өлеңін жазған: Ш. Сариев
Әнін жазған: Ж. Тұяқбаев

Кең далам, толғанайын, толғайын,
Домбырам, қолға алайын, жырлайын.
Қазағымның даласындай,
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сені, Атамекен-ай!

Теңіздей тебірендім, тербедің,
Сапарда сағынышым, сен менің
Дүние сырларындай,
Мөлдіреп тұрғанындай,
Сағындым сені, Атамекен-ай!

[Қайырмасы]
Армандаған күндер-ай,
Жұлдыз аққан түндер-ай.
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті, кімдер-ай – Атамекен-ай!


Ғажап-ау, Атамекен ғаламат,
Бір саған тағдырымыз аманат.
Қымбатты даламыздай,
Cымбатты анамыздай,
Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!
Жүрегім, жанымыздай
Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!

[Қайырмасы]
Армандаған күндер-ай,
Жұлдыз аққан түндер-ай.
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті, кімдер-ай

Атамекен-ай!






Admin

Corrected text

16.12.2021
Users


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz