Сағындым lyrics

Роза Әлқожа

Сағындым

5
0

Share:



 
Айдынға аққу-қаз оралды
Сағындым сені 
Жайнады, дүние жаңарды
Сағындым сені
Жаз өтті, жапырақ тоналды
Сағындым сені
Ақ қайын ақ мамық оранды
Сағындым сені
 
Қайырмасы:
Күн батты, таң атты тағы да
Ем таппай жаралы жаныма
Жолыңа, сенбестен қарайлаймын жолыңа
Сен едің ертегі аралы
Дертімнің таба алмай амалын
Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым
 
Ақ қайын арылды ақ қардан
Сағындым сені
Сандуғаш сайрады бақтардан
Сағындым сені
Елесің жоқ болған - тәтті арман
Сағындым сені
Келесің жаным қай жақтардан
Сағындым сені
 
Қайырмасы:
Күн батты, таң атты тағы да
Ем таппай жаралы жаныма
Жолыңа, сенбестен қарайлаймын жолыңа
Сен едің ертегі аралы
Дертімнің таба алмай амалын
Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым
роза, әлқожа, алкожа, roza, alkozha, alkoja, Сағындым lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

сандира

14 2017

супер

GM

Added Lyrics

21.10.2015