Келінге өсиет

Роза Әлқожа

2018

11
0

Share:





Загрузка...



Ал ағайын ағайын əніммен жар салайын
Бері қарай жақында армандаған талайын
Қазаныңның киесі ошағыңның иесі келін келді ортаңа
Нұрға бөлеп маңайын
Ақ жаулығың желбіреп
Ақ отауға енші деп
Қуанып жүр ата енең
Еміреніп елжіреп
Ұрпағымның анасы келіндердің дарасы
Ұлымның өз сыңары балапаным келді деп
Келін сəлем мың сəлем
Келіп түскен жеріңе
Құрмет қылып бер сəлем
Балам десін сені де
Құптарсың ел дəстүрін
Қосылдың өз теңіңе
Ата анаңа қонақ ей
Қош келдің өз еліңе!

Аналардың ақ жолы алла берген тағдырың
Ақ орамал ақ туың аманаты бар күнім
Үлкендердің алғысын тек батасын ал күнім
Ерін болсын еңдігі елім келін əр күнің

Сүйгендердің серті осы
Шаңырақтың көркі осы
Өзіңді алған азамат бір əулеттің еркесі
Бəйтерек боп мəуелі биік болсын беделі
Ұлық болсын ұрпағы
Тұнық болсын əуені

Дұшпан сөзін елеме
Артық сөзден қаш келін
Қызмет қыл иіліп төгіліп бір аш белін
Бастаушысы бақыттың
Қоштаусысы елінің сəтті болсын тойларың
Құтты болсын келінің!
Біраз нақыл арнадым
Аман болсын жан жағың
Алтын құрсақ ана боп
Орындалсын арманың
Немереңіз мол болсын
Несібеңіз зор болсын
Əр жыл сайын той жасап
Бізден тілек сол болсын!
Роза Әлқожа Келінге өсиет lyrics, Роза Әлқожа 2018


Загрузка...





Comments

Ренат Каирманов

05 2018

мына олен оте жаксы екен

Ренат Каирманов

05 2018

мына олен оте жаксы екен

Айгул

Corrected text

06.07.2018
Users