Бұраң басқан белің Ролан Казретов

2022

2
0

Share:




Lyrics



Сымбаты да сәні,
Жарасып тұр бәрі
Таңғы шықтай мөлдір,
Кір шалмаған ары.
Айдай сұлу көркем,
Айналайын еркем
Бақытым болар деп,
Үміт күйін шертем…

Қайырмасы:
Бұраң, бұраң,
Бұраң басқан белің
Шіркін, шіркін, шіркін- ай
Мөлдіреген көзің,
Қандай тәтті сезім
Сенің албырт кезің,
Өтіп кетер мекен
Айтылғанша сөзім

Үміт артып ал қыз,
Жар іздесең бармыз
Сендей қазақ сұлу,
Жер бетінде жалғыз
Сылқым, сылқым, сылқым
Сыңғыр, сыңғыр күлкің
Айтшы қалай табам
Жүрегіңнің кілтін

Қайырмасы:
Бұраң, бұраң,
Бұраң басқан белің
Шіркін, шіркін, шіркін- ай
Мөлдіреген көзің,
Қандай тәтті сезім
Сенің албырт кезің,
Өтіп кетер мекен
Айтылғанша сөзім. Х4



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

12.05.2022