Рауза Аман Ана lyrics

Ана Рауза Аман

2017

2
0

Share:




Lyrics



Даладай кемелімсің
Сырласым сенерімсің
Мен сенің бас иемін
Өрең үшін
Қиналсам түсін енді
Өзіңдей түсінер кім
Желідей құлының боп кісінедім
Қайырмасы:
Үкілі бесігімдей
Үйреттің кешірімге
Қарызбын ана деген есіміңе
Бақытты кешкен күні
Күнің боп төккен нұры
Сыйладың сен өмірдің мөп мөлдірін
Жаулығың желбірейді
Жүрегің елжірейді
Балаңсын есейсемде
Енді мейлі
Тап таза тілегіңмен
Айналдым жүрегіңнен
Сен бар да мен күдіксіз күле білгем
Қайырмасы:
Үкілі бесігімдей
Үйреттің кешірімге
Қарызбын ана деген есіміңе
Бақытты кешкен күні
Күнің боп төккен нұры
Сыйладың сен өмірдің мөп мөлдірін





Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

27.04.2017


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz