Ойламаңдар жігіттер lyrics

Рамазан Стамғазиев

2019

1
0

Share:



Ойламаңдар жігіттер баста дәурен тұрмайды
Өтіп кеткен сұм жалған қайтып бір мойнын бұрмайды
Адам қонақ өмірге бір күні қолын бұлғайды
Тірліктің түбі белгісіз ағым бір судай зырлайды
Опасыз мына дүние тұтқа болған кімдерге
Өмірдің соңы өкініш санамен ойлап білгенге
Қадірі болмас адамның ортаңда тірі жүргенде
Орны қалар ойсырап бір күні көрге кіргендде
Қызыл түлкі секілді уақыт сайқал алдайды
Байлықты қусаң базарлап түбінде саған сол қайғы
Еңбекпен еккен байтерек күтімін тапсаң солмайды
Қулықпен тапқан ала арам өзіңе қайыр болмайды
Мансапқа жетсең адал бол қызмет ет халқыңа
Әнін тыңдап күйін ұқ басыңды іи салтыңа
Қарашада қары үй тұрған қарай жүр артыңа
Жолдас болмалма жаманмен көзің жетпей парқына
Өзіңді біреу мақтаса желігіп оған тасыма
Бетің айтар адал дос жау деп одан жасыма
Бәрінде кейін көрерсің іс түскенде басыңа
Кім үшін жүрген қулардың ізіде қалмас қасыңда
Өмір баззар қайнаған өмірдің тосқан таласын
Атыңды сайлап бір күні додаға сенде барарсың
Жеңілсеңде жеңсеңде көппенен бірге боларсың
Жалғыз шықпа сапарға өкінішті қаларсың
Қайырым түбі даналық жақсылық етпе есеппен
Аулақ ұста бойыңды әз әзіл жалған өсектен
Қара жер жұмсақ жамбасқа махаббат жоқ төсектен
Қорлықта өтер өмірің қосақталып есеппен
Пенденің көзі ау жалғанда дүниеге тоймайды
Моласына бірақта алтыннан белгі қоймайды
Бағыңда өскен бәйтерек күтімін тапсаң солмайды
Арманы биік асыл ер ұрпақтың қамын ойлайды
Мұңайма көңілім мұңайма тыныштал енді жүрегім
Бір күні сенде тоқтарсың оныда жақсы білемін
Бас имеи жүрген тағдырдың текті бір жанның бірі едім
Адам боп келдім өмірге адам боп өту тілегім
Бәріне соны ау тіледім!!!
Рамазан Стамғазиев, Ойламаңдар жігіттер lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






29.05.2020