Қызыма lyrics

Рамазан Стамғазиев

Қызыма

4
0

Share:



1. Үніне жүрегімнің құлақ түргін 
Мен бүгін қуаныштан жылап тұрмын
Сырға әкеп құлағыңа таққан кезде  
Бой жетіп қалғаныңды бірақ білдім
          

[Қайырмасы]
Бір шетін жүрегімнің жұлғандай мұң 
Бір сәтке құлазып та тұрғандаймын 
Ағайын айтыңдаршы қуаныштан 
Көзіме жас алдырған бұл қандай күн

 
2. Қызым ең шаңырақтың шырағындай
Сақтаған төрімде алтын тұмарымдай
Аққуын қатар ұшып қалықтай бер
Жұбыңның мәңгі серік сыңарындай
 
3. Ардақты ел жұртына ана болғын
Салтынан тайма ескі сара жолдың
Тербетіп ақ бесігін адалдықтың
Домалақ анамыздай дана болғың
Рамазан Стамғазиев, Қызыма lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






26.10.2019