Рамазан Стамғазиев Көкшетау (0), lyrics

Көкшетау lyrics

Рамазан Стамғазиев

Көкшетау

2
0

Share:



Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп
Жүреді біліп кетіп есен-сауын
 
Сексен көл Көкшетаудың саясында
Әрқайсы алтын кесе аясында
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі
Көкірек қанша жұтсаң - тоясың ба?
 
Ырғалған көкке бойлап қарағайы
Қасында көк желекті әппақ қайың
Жібектей желмен шарпып төңіректі
Балқытып мас қылады иіс майың
 
Көкпеңбек құз басынан мұнар кетпес
Басына атсаң-дағы оғың жетпес
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес 






GM

Added Lyrics

22.10.2015