Махаббат мұңлы ән екен lyrics

Райым Уайыс

Махаббат мұңлы ән екен

1
0

Share:


Білемін, жаным, білемін,
Сағынды оны жүрегің.
Жырыммен сені жұбатам,
Досың боп өмір сүремін.
Сағым боп тәтті шақтарың,
Күндерден шаттық таппадың.
Сарғайды, білем, күз келмей
Жаныңның жапырақтары.
 
Қайырмасы:
Арманың сені алдаса,
Мұңая берме, жан еркем.
Жаныңды тербеп тұратын
Махаббат мұңлы ән екен.
 
Тұңғиық сезім тербетіп,
Ұйқыңды үміт ұрлайды.
Өкініш көп өмір бұл,
Махаббат мұңсыз болмайды.
Жас алып жиі жанарға,
Сағыныш сазы санаңда.
Жаныңа серік іздейсің
Жалғыздық деген аралда 
 
Қайырмасы:
Арманың сені алдаса,
Мұңая берме, жан еркем.
Жаныңды тербеп тұратын
Махаббат мұңлы ән екен.
Райым Уайыс, Махаббат мұңлы ән екен lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

20.10.2015