Тағдырмен сырласу lyrics

Райым Уайыс , Гүлназ Ауданбаева

2018

8
0

Share:



Жанарымның түбіндегі суретті
көре алатын нағыз шебер суретші
Небір кескін небір кескін салдырған
Өмір маған жаңа сурет үйретші
Өмір өмір өмір үйретші
Сенің естіп мұңға толы әніңді
Мына менің жан жүрегім ауырды
Моймайтын қиындыққа жан едің
Болшы қане дәл қазірде сабырлы

Қайырмасы
Жылдар зымырайды зулайды
Құс боп қанат сербеп самғайды
Бір боп бір қуаныш алмасып
Жүрегімде жүрегімде менің торлайды

Күңіренген күңгірт түспен жанымды
Жарық нұрға бояп берші жанымды
Күнмен көмкер күнмен көмкер сәуле төк
Ей, Суретші шимайлама сәнімді
Шимайлама шимайлама сәнімді
Білем сені тағдыр қатты сынады
Мына әлем өзіңмен бір жылады
Сенің аққан әрбір мөлдір көз жасың
Болса екен енді бақыт бұлағы

Қайырмасы
Жылдар зымырайды зулайды
Құс боп қанат сербеп самғайды
Бір боп бір қуаныш алмасып
Жүрегімде жүрегімде менің торлайды
Райым Уайыс, Гүлназ Ауданбаева, Тағдырмен сырласу lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






16.08.2018