Ауылымды сағындым lyrics

Raim

2019

0
0

Share:



Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Әкешімді сағындым
Анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін
Алақанын сағындым

Алло мама қалыңыз қалай
Сіздің әр көршіңіз басқалар қалай
Қазір жолда тұрмын
Сол баяғыдай
Ия шын айтамын
Жол тарттым сізге қарай
Әрине әзірлеңіз шәйіңізді сағындым
Ауасын ауылдың
Иісін бауырын
Сағындым шыны керек сағындым
Иісін бауырдың
(сағындым)
Әкеме айтшы мама дайындасын жылқылырын
Шауып қайтайықшы асып қайта қырларын
Далада отырып айтатын сырларын
Себебшісіз бүгін ерте тұрғаным
Тартылып жүрекке турникке әкем салдырған
Фотодан көрдім ұзарыпты балдырған
Шылдыр шүмек тентек інім
Күтіп тұрсыншы алдымнан мені бүгін
Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Әкешімді сағындым
Анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін
Алақанын сағындым
Уақыт өткенін сеземін бірақ
Миыма кірмепті қалай
Ілияс қар тазалайтын жасқа жетті
Қалайша Дияс асау тайларды үйретіп жүр
Тіпті жіңішке дауысы жуандап кетіпті
Мама үйге кірейік жүр
Сырт аяз
Шәй әзірлеші мам
Сосын да кір жаяс
Әке балта қайда
Шәй дайын болғанша
Ағаш жарайын
Мұз ояйын есік алды
Мұзды аяз
Қораға киетін киімім
Ініме шақ болыпты
Мартұнның сиырларымен аула толыпты
Айтпақшы әке жолшы Ербол ағаға жолықты
Мақтады мені кеше теледидардан көріпті
Мама тамағын сол баяғы тәтті
Шыны керек шаршадым
Қанша күттім осы сәтті
Бесеуміз отырып жоспар құрайық оңашада
Енді үйге келінмен
Келемін болашақта
Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Әкешімді сағындым
Анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін
Алақанын сағындым
raim, райм, раим, Ауылымды сағындым lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

12.05.2019