Рахат Тұрлыханов Ауылым (0) lyrics

Ауылым lyrics

Рахат Тұрлыханов

Ауылым

0
0

Share:


Жырымды алғаш тыңдаған
Ауылымды сағындым,
Қош айтып қол былғаған
Бауырымды сағындым,
Ақша бұлты жарасқан
Аспанымды сағындым,
Асық ойнап таласқан
Достарымды сағындым.
 
Жаңбыр тамсыл даланың
Жайнағанын сағындым,
Әнші құстар таң әнін
Сайрағанын сағындым,
Еркелеткен жасымнан
Ағаларды сағындым,
Мейірім төккен асыл жан
Жан анамды сағындым.
 
Жазғы кеште тербеткен
Самалымды сағындым,
Кеше ғана сел төккен
Бала күнді сағындым,
Еркелеткен жасымнан
Ағаларды сағындым,
Мейірім төккен асыл жан
Жан анамды сағындым,
 
Мейірім төккен асыл жан
Жан анамды сағындым,
Жан анамды сағындым,
Жан анамды сағындым...






GM

Added Lyrics

22.10.2015


shinline.kz