Шын сүю lyrics

Quzar тобы

2020

3
0

Share:



Ғаламат

1. Шын сүю деген ғажап-ақ
Бағыңды жүрсең бағалап
Кешіксең білмей қадірін
Тағдырды жүрме жазалап

Күрмеуі қиын түйін-ай
Сыңарсыз болмай күйім-ай
Қашықтық бөліп араны,
Сүйгенге жетпеу қиын-ай!

Қ-сы
Шын сүю деген ғаламат
Бақтарды жүрсең аралап
Өмірге мына наздана
Қосылған ғашық аз ғана
Шын сүйіп әркез бағалап
Бұл жүрек деген аманат,
Кеудеге оны паналат.
Аялап сақта барынша,
Сөзбенен алма жаралап.
Өшірмей оны жалындат

Журекти алма жаралай
Арманың кетер тағы алдай
Адал бол аппақ сезімге
Алтыннан артық бағалай

Күрмеуі қиын түйін-ай
Сыңарсыз болмай күйім-ай
Қашықтық бөліп араны,
Сүйгенге жетпеу қиын-ай!


Қ-сы
Шын сүю деген жалын от,
Өшірмей оны жалындат.
Шоғына күйіп шыдасаң,
Төзімдікпен шың алсаң,
Жайқалған болар жаның бақ!
Quzar тобы, Шын сүю lyrics, 2020
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Нуртас

14 2020

👍

Nurtas Zhumabaev

Added Lyrics

08.10.2020
Music Videos
Quzar тобы
Шын сүю