Lyrics
Мама қамқорымсың асыл жансың ана,
Балаң үшін жол көрсеттің жаңа.
Ауырмашы, қартаймашы,
Ұрпағыңның тілегі сол ғана.
Мама мейірімеңе шомылған мен балаң,
Жолдарғада түсірмедің жаман,
Сағындымғой құлыным деп,
Құшағыңа қысқаныңды ана.
Қайырмасы:
Әлдиледің бесігіңде ұйықтасын деп шошымай
Қанаттыға қақтырмадың,тұмсықтыға шоқтырмай,
Ұзақ түнде ұйықтамадың, тербеп таңда бесігін,
Ашып бердің балаңызға, жарық әлем есігін.
Мама бақытың деп перзентіңді сана,
Мен ұлыңмын сен күнімсің дара.
Зор бағымсың, қорғанымсың,
Перзентіңе тек өзіңсің дана.
Мама көз алдымда жүре берші аман
Шын көңілден ән арнадым саған
Қызығында көре берші
Немерең мен шөбереңнің ана
Қайырмасы:
Әлдиледің бесігіңде ұйықтасын деп шошымай
Қанаттыға қақтырмадың,тұмсықтыға шоқтырмай,
Ұзақ түнде ұйықтамадың, тербеп таңда бесігін,
Ашып бердің балаңызға, жарық әлем есігін.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).
Күштң
керемет