Сенімен lyrics

Qarakesek

2017

3
0

Share:



Кететіндей едім жалғыз қалып
Жүрегіме сен алып келдің жарық
Бір өзіңе арналған әнді салып
Қажет етсең кетемін алысқа алып

Мен күтемін тек сенің хаттарыңды
Маған арнап келген уақыттарыңды
Жүрегіме сыймай ән ақтарылды
Ақтарылған әндерден таста мұңды

Өміріңде боламын деп ем
Басқа жаққа бұрылды кемем
Өміріңде бола алмасамда
Жүрегіңе жақындай білем
Оймен келем...

Қайырмасы
Жүрегім тек сен дейді, сен дейді
Қаламайды ол өзгені өзгені
Сені сені ойлай берем неге мен
Болсам деймін бірге сенімен

Болсада сұлулар сен бірақ қымбатсың
Қымбат сымбаттым
Сүйем де сен маған қымбаттым үн қатшы
"Ochooou" секілді "ВОМВА" емес
Бар мүмкіншілік қолда емес
"Әйтеуір шықса болды" емес
Саған арналған соңғы емес

Соңғы емес
Әлі талай жырларым жазылар, миыма есіміңді жазып алып,
Журегіңді салып қойдым жүрегімнің түбіне, әлің жетсе қазып ал.
Ойлар орап еді санамды, орап шектім
Шықты сезімім шектен, оймен жетем деп қуып кеттім, саған басым кетіп...
Күнім едің көгімдегі кунде нұрын шашатын,
Сенің нұрың сондай жүректің гүлін ашатын.
Уақыт өте келе бәрі өтірікке айналд(ы), барады қаным қайнап.
Уақыт өте келе аяққа өкініштер, айналып айналып келіп байланд(ы)
Қонарыңды білмей қайда,
Ұшып кеткендейсің жаным айға.
Құсым едің қанатыңды маған жайған,
Оралсаң соғып кет, жарайма?

Қайырмасы
Жүрегім тек сен дейді, сен дейді
Қаламайды ол өзгені өзгені
Сені сені ойлай берем неге мен
Болсам деймін бірге сенімен
Qarakesek, Сенімен lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

31.03.2018
Users